Баяғыда бір қыз болыпты.
Бір күні оған шешесі қызыл телпек сыйлапты.
Қыз телпекті ешқашан шешпепті.
Сондықтан жұрт оны қызыл телпек деп кетіпті.
Бір күні шешесі самса пісірді.
– Қызыл телпек, самса мен майды әжеңе апар, жолда ешкіммен сөйлеспе, – деді шешесі.
– Жарайды, – деді Қызыл телпек.
Қызыл телпек самсаны, майды алып, әжесіне кетті.
Жолда ол қасқырды көрді.
– Қызыл телпек, сен қайда бара жатырсың? - деп сұрады қасқыр.
– Әжеме бара жатырмын.
– Әжең қайда тұрады? - деп сұрады қасқыр.
– Әжем шеткі үйде тұрады- деп жауап берді қызыл телпек.
Қасқыр қысқа жолмен жүгіріп кетті.
Ол үйді тез тапты. Қасқыр есікті түртті.
– Бұл кім? – деді әжесі.
– Бұл мен, Қызыл телпекпін, – деді қасқыр жіңішке дауыспен. – Сізге самса мен май әкелдім.
– Жіпті тарт та, ішке кір- деді әжесі.
Қасқыр жіпті тартып, үйге кірді.
Сосын әжені жеп қойды да, төсекке жаттып алды.
Бір уақытта Қызыл телпек келді, есікті түртті.
– Бұл кім? – деді қасқыр жіңішке дауыспен.
– Бұл мен, Қызыл телпекпін, сізге самса мен май әкелдім - деді Қызыл телпек.
Қызыл телпек жіпті тартты да, үйге кірді.
Қасқырға жақынған кезде, ол былай сұрады:
– Әже, әже, неге сіздің көзіңіз үлкен?
– Сені көру үшін.
– Әже, әже, неге сіздің қолыңыз үлкен?
– Сені құшақтау-обнимать үшін.
– Әже, әже, неге сіздің аяғыңыз үлкен?
– Жақсы жүгіру үшін.
– Әже, әже, неге сіздің құлағыңыз үлкен?
– Жақсы есту үшін.
– Әже, әже, неге сіздің тісіңіз үлкен? - деп сұраса.
– Сені жеп қою үшін, – деп қасқыр Қызыл телпекті жеп деп жатқан жерінен, аңшылар сырттан естіп қалып, үйге кіреді. Олар қасқырдың ішін жарып, қызыл телпек пен оның әжесін құтқарып қалады. Сөйтіп олар аман-есен қауышты.
Keywords:
баяғыда- once upon a time
ешқашан шешпепті-never took off
ешкіммен сөйлеспе!-don't talk with anyone!
есікті түртті- knocked on the door
ішке кір-come in
жіпті тарт-pull a rope
құтқарып қалды-rescued
аман-есен қауышты- safely reunited