Қызыл телпек - Little red riding hood
Қызыл телпек - Little red riding hood
02:43
12 maja 2022
Opis
Баяғыда бір қыз болыпты. Бір күні оған шешесі қызыл телпек сыйлапты. Қыз телпекті ешқашан шешпепті. Сондықтан жұрт оны қызыл телпек деп кетіпті. Бір күні шешесі самса пісірді. – Қызыл телпек, самса мен майды әжеңе апар, жолда ешкіммен сөйлеспе, – деді шешесі. – Жарайды, – деді Қызыл телпек. Қызыл телпек самсаны, майды алып, әжесіне кетті. Жолда ол қасқырды көрді. – Қызыл телпек, сен қайда бара жатырсың? - деп сұрады қасқыр. – Әжеме бара жатырмын. – Әжең қайда тұрады? - деп сұрады қасқыр. – Әжем шеткі үйде тұрады- деп жауап берді қызыл телпек. Қасқыр қысқа жолмен жүгіріп кетті. Ол үйді тез тапты. Қасқыр есікті түртті. – Бұл кім? – деді әжесі. – Бұл мен, Қызыл телпекпін, – деді қасқыр жіңішке дауыспен. – Сізге самса мен май әкелдім. – Жіпті тарт та, ішке кір- деді әжесі. Қасқыр жіпті тартып, үйге кірді. Сосын әжені жеп қойды да, төсекке жаттып алды. Бір уақытта Қызыл телпек келді, есікті түртті. – Бұл кім? – деді қасқыр жіңішке дауыспен. – Бұл мен, Қызыл телпекпін, сізге самса мен май әкелдім - деді Қызыл телпек. Қызыл телпек жіпті тартты да, үйге кірді. Қасқырға жақынған кезде, ол былай сұрады: – Әже, әже, неге сіздің көзіңіз үлкен? – Сені көру үшін. – Әже, әже, неге сіздің қолыңыз үлкен? – Сені құшақтау-обнимать үшін. – Әже, әже, неге сіздің аяғыңыз үлкен? – Жақсы жүгіру үшін. – Әже, әже, неге сіздің құлағыңыз үлкен? – Жақсы есту үшін. – Әже, әже, неге сіздің тісіңіз үлкен? - деп сұраса. – Сені жеп қою үшін, – деп қасқыр Қызыл телпекті жеп деп жатқан жерінен, аңшылар сырттан естіп қалып, үйге кіреді. Олар қасқырдың ішін жарып, қызыл телпек пен оның әжесін құтқарып қалады. Сөйтіп олар аман-есен қауышты. Keywords: баяғыда- once upon a time ешқашан шешпепті-never took off ешкіммен сөйлеспе!-don't talk with anyone! есікті түртті- knocked on the door ішке кір-come in жіпті тарт-pull a rope құтқарып қалды-rescued аман-есен қауышты- safely reunited
Kanał podcastu
Stories in Kazakh
Autor